Жи 37 мыңнан аса диагностикалық талдау жасаған
Қызылорда облысында радиологиялық зерттеулер жасанды интеллект бағдарламасымен зерделенеді. Бүгінде өңірде ақылды цифрлық технологияның мүмкіндігімен 37 мыңнан астам диагностикалық талдау жүргізілген.
Бұл жаңашылдық ең алғаш облыстық көпбейінді ауруханасына орнатылды. Рентген, маммография, компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография аппараттары бірыңғай жүйеге енгізіліп, барлық нәтижелер бір орталыққа жиналады. Жасанды интеллект бағдарламасымен жұмыс істеу дәрігерлердің жүктемесін азайтып, жылдам медициналық қорытынды беруге септігін тигізеді.
Жасұлан Баймаханов, облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:
Осы бағдарламаның арқасында біз 133 маман оқытылды осы жобаның ішінде. Жүйеге қазір 300 қолданушы қосылып жатыр. Бүкіл рентген, КТ, МРТ мамандар бас дәрігердің бәрі бір жүйеге қосылып тұр. Кабинетке барып жүгіріп қарау жоқ. Бәрі өз кабинетімізде.
Жалпы жоба аясында медициналық ұйымдарда осы күнге дейін 165 мың 800 диагностикалық зерттеу жүргізілген. Соның ішінде, жасанды интеллект көмегімен өкпе обыры бойынша 22 мың, ал сүт безі обыры бойынша 14 мыңнан астам зерттеу талданған. Дегенмен, ақылды технология – маманның кәсіби шешім қабылдауына көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Асқар Темірбаев, Сәулелі диагностика бөлімінің меңгерушісі:
Жасанды интеллект енді патологиялық ошақты анықтап беруге көмегі бар. Бірақ, соның өзінде интерпретация жасаған кезде дәрігердің нақты соңғы шешім дәрігерде болады.
Орталықтандырылған телерадиология жүйесі – медициналық кескіндерді қашықтан қарап, қажет болған жағдайда басқа да бейінді мамандардың пікірін жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе аудандық және шалғай елді мекендердегі медициналық ұйымдар үшін маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы