Қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге шығару қажет. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау керек. Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездескен бір топ қаламгер осыны айтты.
Сондай-ақ, қазақ әдебиетінің қазіргі хал-ахуалын талқылап, әдебиетке көрсетілетін көмек туралы сөз етті.
Кеңеске қатысқан жазушы Дулат Исабеков Сыртқы істер министрлігіне ел имиджі үшін жыл сайын бөлінетін 3 миллиард доллардың әдебиетке де жұмсалу керектігін айтты.
Әлия ӘШІМ