Үкіметте Шымкент қаласын дамыту жайы талқыланды
Үкіметте Шымкент қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі талқыланды. «Сайрам» елді мекенінде сумен жабдықтау нысандарын, Алматы тас жолы бойында магистральды кәріз коллекторын салу және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жайы қаралды. Биыл ұзындығы 9 шақырым жылу желілерінің әбден тозығы жеткен тұсын реконструкциялау басталады. Алдағы екі жылда көп қабатты тұрғын үйлер салу жоспарда бар. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам пәтер тапсырылмақ. Кеңесте қаланы газбен жабдықтау, мұнай шикізатын терең өңдеу бойынша өңірлік хаб құру, инвестициялық жобаларды іске асыру да қаралды. Премьер-Министр Шымкенттің одан әрі дамуы үшін белгіленген жоспарларды сапалы және уақытылы іске асырудың маңызын атап өтті.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03