Басты Жаңалықтар Шетелдік инвестиция көлемі 18 пайызға өскен

Шетелдік инвестиция көлемі 18 пайызға өскен

Үкіметте транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі шаралар қаралды. Мысалға, республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарғаны атап өтілді. Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Үкіметте Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы өнеркәсіп пен көлік саласын цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған 35-ші пленарлық отырысына дайындық барысы пысықталды. Сондай-ақ жұмыс топтарының есептері қаралды. 2022 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 18 пайызға өсіп, 22 млрд доллардан асты. Жалпы өткен жылы шетелдіктердің қатысумен 46 ірі инвестициялық жоба іске қосылды.


Бөлісу