Үкіметте көктемгі тасқынға қарсы шаралар пысықталды
Шардара мен Көксарай су қоймаларындағы жағдай күрделі. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, олардың толуы 98 процентке жеткен. Мұның қандай қауіпі бар? Жалпы Үкіметтің көктемгі тасқынға дайындығы қалай?
Досжан Маратұлы, тілші
Бүгін Үкіметте көктемгі тасқынға қарсы шаралар қаралды. Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, биыл қар көп. Сондықтан 250-ден астам елді мекенді қызыл су басу қаупі бар. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Наурыз жауын-шашынды болады, әрі күн күрт жылымақ. Сондықтан министр әкімдерді тасқынға дер кезінде дайындалуға шақырды.
Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Өңірлердегі аудандарда шағын елді мекендерде тасқынға қарсы дайындық төмен. Төтенше жағдайлай қызметкерлері әкімдіктерге 179 ескерту парағын берді. Әсіресе Павлодар, Түркістан, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында тасқынға қарсы шараларды қолға алу қажет.
Бұдан бөлек, Шардара және Көксарай су қоймаларындағы жағдай қауіпті, дейді Ильин. Өйткені олардың толуы қазірдің өзінде 98 процентке жеткен. Ал артық суды көп мөлшерде ағызу Түркістан және Қызылорда облыстарындағы елді мекендерге қауіп төндіреді. Сондықтан Премьер суды аз аздан ағызып, қоймаларды босату қажеттігін айтты.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10