АҚШ президенті Киевке барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті Киевке барды

26.02.2023

Осы аптада саяси сюрприздер көп болды. АҚШ президенті Джо Байден Киевке барды. Ақ үй басшысының бұл сапары туралы алдын ала жарияланбаған еді. Мұны Владимир Зеленский “барлық украиндық үшін өте маңызды белгі", - деп бағалаған. Бұл оқиға Ресей президенті Владимир Путиннің Федералдық жиналысқа үндеу жолдауымен тұспа-тұс келді. Кремль басшысы Батыс елдерін "Украинадағы соғысты" бастады деп айыптады. Ал Қытай дағдарысты саяси жолмен реттеу үшін жоспар ұсынды. 12 пункттен тұратын құжатта Бейжің Мәскеу мен Киевті атысты тоқтатып, келіссөз жүргізуге шақырды. Әлемдік қауымдастық қазір Қытайдың осы ұсынысын талқылап жатыр. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де бұған қатысты мәлімдеме жасап, Қытай ұсынған жоспарды қолдайтынын білдірді. Толығырақ Арай Төлегенқызының бейнематериалында.

Хабарламаларға жазылу