Шығыстағы «Қанды су» қоймасының аппаты жағдайда тұрғанына 10 жылдан асты. Тіпті соңғы 2-3 жылда бөгеттің 36 метрілік мұнара қабырғалары жарыла бастаған. Сондықтан тоспаға су жинауды тоқтатқан. Ал, 5 ауылдың халқы оның зардабын тартып отыр. Егістігі қурап, жайылымдықтың шаңы шығып жатыр. Су тоспасына иелік етіп отырған «Қазсушар» мекемесінің стартегиялық нысанды жөндеуге дәрмені жоқ. Бір ауданның халқы қарап отырған «Қанды су» бөгетінің қазіргі жағдайын тілшіміз-Олжас Керейхан арнайы барып көріп келді.
Дүрілдеп тұрған су қоймасының төменгі сағасы қазір сыбырлап жатыр.Осы нысанда 20 жылдан артық басшы болған- Мәкен Тырнақбаев бөгеттің техникалық жағдайын бес саусағындай біледі. 1983 жылы салынған су қоймасы қырық жылда бірде-бір рет жөнделмеген.Енді қабырғасы қақырап тұр. Бөгет 47 миллион текше метр суды жинауға есептеліп, салынған. Ол 7 мың гектар жерді суаруға артығмен жетеді.
Олжас Керейхан, тілші:
Бұрын бұл қоймаға желтоқсан мен қаңтардан бастап біртіндеп суды жинайтын. Ерте көктемде, кемеріне жеткенде ақырындап суды жібере бастайтын. Нәтижесінде етектегі 5 ауылдың халқы суды осы қоймадан алатын. Соңғы екі жылда су жинауды мүлде тоқтатқан.
Судың тапшылғынан жаз шыға жылда шаруалардың кенезесі кебеді. Советхан Нұрханов былтыр 90 гектар жерге жоңышқа, арпа, сұлы еккен. Бірақ күйіп кетті, деп- күйнеді шаруа. Оның үстіне өткен жазда өңірде болған қуаңшылық, шаруаларға жығылғанға жұдырық болды. Жем-шөп жеткіліксіз болғандықтан аудандағы шаруалар малын азайтқан. Қолда қалғанына азықты қазір алыстан арбалап жүр.
Советхан Нұрханов, шаруа қожалығының басшысы:
Келіп жатқан шөптің бәрі қымбат. Мысалы бір түп шөбіміз 1600-1800 теңгеден. Құрақ шөптер. Жоңышқаң 2000 теңгден жоғары. Бір келі құрама жем 150 теңге шамасында. Біз соған алып жатырмыз. 01.24.12-Біздің негізгі мақсатымыз осы тезірек жөнделсе,Үкіметтен ақша бөлініп, керекті суды беріп тұрса? Себебі ауылға көп жастар келіп, жұмыс істеп жатыр. Жер алып. Енді ол ақтамаса ертең кетіп қалады ғой.
Су қоймасының техникалық жағдайын салалық министрліктегі жауапты тұлағалар жақсы біледі. Бұрынғы мәжіліс депудаттары да келіп көрген. Бірақ шаруалар бөгетті жөндеу соншалықты созбалаңға салынғанына аң-таң.
Болат Нұрпейісов, «ҚАЗСУШАР» РМК Ақжар учаскесінің басшысы:
Қазіргі уақытта жобалық құжаттарына қаражат бөлген жоқ. Біздің басшылар экология министрлігі қаржы министрлігіне сұрауын жасап жатыр. Ешқандай нәтиже болмай жатыр. Халық наразы болып жатыр. Су жеткізе алмай жатырмыз халыққа. Сол үшін бәрінен көмек сұрап отырмыз.
Көмек сұрап отырғандарына 10 жылдан асты. Алайда жобалық құжатын дайындауға қанша қаржы қажет екені әлі есептелмеген.Ал жөндеу туралы мүлде сөз жоқ.
Олжас Керейхан