Сенатта зейнетақы активтерін басқаруға рейтингі жоғары шетелдік еншілес ұйымдарды тарту ұсынысы талқыланды. Оларға қойылатын талаптар да айтылды. Қазақстандық компанияларда инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы болуы керек. Сонымен қатар олар өз қызметтерінде заң бұзуға жол бермеуі тиіс. Бұл тұрғыда олардың қазақстандық резидент ретінде ірі акционері болуы шарт. Компанияларды іріктеу кезінде олардың инвестициялық әрі кредиттік рейтингілері ескеріледі. Айта кетейік жаңа Әлеуметтік кодекске сәйкес,салымшылар зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару жөніндегі компанияға беруге құқылы болады. Мұндай компанияларды азаматтар өздері таңдайды. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Ұлттық банк басқаратын жинақ бөлігіне ғана беріледі.