Аралас сайлау жүйесі саяси партиялардың дамуына мүмкіндік береді
Аралас сайлау жүйесі саяси партиялардың рөлін күшейтіп, олардың дамуына мүмкіндік береді. Алдымен тіркеу тәртібі жеңілдейді. Яғни, партия мүшелерінің саны 20 мыңнан бес мыңға азайды.
Айта кетейік, сайлаушылар жеке тұлғаға және партияға екі бөлек дауыс береді. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының үгіт-насихат жұмыстары ақпанның 18-інде басталатыны белгілі. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар, әйелдер мен жастарға қатысты квота биыл бірінші рет қолданылады. Ол Мәжіліс мандатының 30 пайызынан кем болмауы тиіс.
Динара Сәдуақасова, «Amanat» партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары:
2021 жылдың сайлау нәтижесінде Мәжіліске жаңа адамдар келді. Жастардың, әйелдердің қатары көбейді. Кейін бұл квотаға тағы мүгедек адам қосылды. Яғни, жастардың үні жоғары деңгейге дейін жету үшін осындай квота мүмкіндік береді және бір сараптаманың нәтижесі бойынша әйел адамдар, мысалы, әлеуметтік мәселелерге көбірек мән береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12