Басты Жаңалықтар Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы өтті

Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы өтті

Қуаныш Сұлтановтың «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» кітабының таныстырылымы өтті

«Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» - бұл қоғам қайраткерінің ел өткерген ескі емес, жаңа тарихты жинақтап жазған еңбегі. Табанды еңбек Тәуелсіздіктің тұғырлануын, Қазақстанның қалыптасуын, егемен ел іргесінің бекуін сипаттайды.

Қуаныш Сұлтановтың қуанышына ортақтасқан ақын-жазушылар еңбекке оң бағасын берді. Қаламдылар қауымының қатарында қоғам қайраткеріне деген ыстық ықыластарын, өлең шумақтарымен жеткізгендерде болды.

Ал, автор «Еңбегімде айтылған дүниеден гөрі айтылмаған дүние көп болды», - дейді. Себебі, бүтін бір елдің тарихын бір кітапқа сыйдыру мүмкін емес.

Шара аясында қоғам қайраткерінің еңбегіне Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің рецензиясы берілді. Одан бөлек, сақа саясаткер еңбегі өскелең ұрпаққа өнеге болар деген ниетпен Ұлттық кітапхана төрінен орын алды.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Бөлісу