Пешаварда мешітке шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте бомбаны іске қосқан жанкешті-лаңкес полиция формасын киіп барған. Сол себепті оны қауіпсіздік күштері негізгі кіреберісте тексермесе керек. Лаңкестің велосипедке мініп, кешенге кіріп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Ол мешітке кіргеннен кейін алдыңғы қатарда намаз оқуға тұрып, бомбаны іске қосқан. Оқиға қаңтардың 30-да болды. Жарылыстан 100 адам қаза тапты. Олардың 97-сі -полиция қызметкері. Осы шабуылды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталған.
Жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Сирияда газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
Түркияда 5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің бірін тосыннан тексерді
05.10.2026, 13:01