Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастық пен дамуды ілгерілету мақсатында соңғы үш жылда 131 жоба ұсынған. Бүгінде оның 115-і жүзеге асырылды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан - ортақ интеграциялық жобалардың бастаушысы. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы айтты.
Михаил Мясниковичтің сөзінше, келер жылы одақ инвестициялық бастамаларға несие беруде субсидиялауды қолға алады. Өйткені бизнеске ауқымды қолдау қажет. Бұл ретте қазақстандық кәсіп иелері өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделі.
Михаил Мясникович, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:
Ортақ кооперациялық жобалар саудада, инвестициялық бағытта болады. Оларды 2024 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Ол үшін келісімшартқа өзгерістер енгізу керек. 4 мемлекет ратификацияға қол қойды. Қазақстан аталмыш бастамаларға қатысты құжаттармен танысып жатыр. Осы арқылы біз сауда-саттық саласының ауқымын кеңейтеміз.
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Шараға Одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары қатысты. Шағын құрамда өткен жиында алкоголь нарығын реттеу мәселелері талқыланды. Ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың дайындалу барысы қаралды. Сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін жетілдіру сөз болды. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың пікірінше, жиында қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қоспақ.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
BBC қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева туралы мақала жариялады
02.11.2025, 20:01
«Анамның бетін әжім басты»: Жасөспірім қылмыскерлер
02.11.2025, 19:57
Ауыл шаруашылығы банкі керек пе?
02.11.2025, 19:53
АҚШ пен Қытай жаңа сауда келісіміне дайындықты бастады
02.11.2025, 19:51
Депутат: Күре жолдардағы салмақ нормасы мен жобалау стандарттары сәйкес келмейді
02.11.2025, 19:48
Көлікті лизингке алу тиімді ме?
02.11.2025, 19:47
Финляндия «Бурабай» курорттық аймағында туризмді дамытуға көмектеседі
02.11.2025, 19:44
40 жасында тракторшы атанған Айгүл Сағынаева
01.11.2025, 17:21