Қазақтың ұлы композиторы, күйші Қазанғап туралы кітап жарық көрді
Қазақтың ұлы композиторы, күйші Қазанғап Тілепбергенұлы туралы тың туынды жарық көрді. Кітап авторы – белгілі өнер зерттеушісі, күйші Әбділхамит Райымбергенов. Еңбекке Қазанғап туралы тың деректер енген.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
461 беттік кітапты жазуға автор 4 жыл уақытын жұмсаған. Өйткені ол өз туындысында Қазанғап Тілепбергенұлының өмірбаянымен ғана шектелмей оның 73 шәкірті жайлы да толық ақпарат беруге тырысқан. Туындыға белгілі композитордың 73 күйі енген. Бір ерекшілігі кітаптағы күйлерді QR код арқылы тыңдап қана қоймай, оқырман оның бейнесін көруге де мүмкіндік алып отыр. Айта кету керек, кітаптың тұсаукесеріне оқырмандардан бөлек Қазанғап Тілепбергенұлының күйін тартып, бүгінге дейін мұрасын жалғап келе жатқан азаматтар жиналған.
Олардың арасында сонау Ақтөбеден келген, Қазанғаптың 40-тан астам күйін жатқа білетін 93 жастағы Жансүгір Жұмабаев та бар. Туынды авторы – Әбділхамит Райымбергеновтің айтуынша, кітап 600-ге жуық экспедициялық архивтік фотосуреттермен безендірілген.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16