Мәжіліс сайлауы саяси жүйеге тың серпін әкеледі
Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы саяси жүйеге тың серпін әкеледі.
Биылғы саяси науқанның тәртібі мен ерекшеліктері халықтың таңдаған адамын сайлап, солар арқылы мінберлерде үнін жеткізуге бұрынғыдан да жақсы жол ашады,-дейді қарағандылық сарапшылар.
Серікжан Байбосынов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиал директоры:
Сайлау тәртібіне сәйкес келетін кез-келген ҚР азаматы өзін депутат ретінде бағын сынауға мүмкіндігі бар. Бұл биылғы сайлаудың бірінші ерекшелігі. Екінші ерекшелігі партиялық тәртіп қатарласа жүретін болады. Мәжіліс деңгейінде бұл 70/30 деңгейінде белгіленген, яғни 70 пайыз орын партиялық тізіммен болатын болса, қалған 30-ы сол өзін-өзі ұсынған кандидаттардың иелігінде болады.
Болат Сыздық, қоғам белсендісі:
Партиялардың Парламентке өту табалдырығы биік болатын. Қазір енді ол 7 пайыздан 5 пайызға түсті. Біраз партия, көбірек партиялардың құрамы болуға тиіс. ҚХА Мәжіліске сайланатын тәртіп күшін жойды. Бұл да жаңағы партиялардың қатарынан, жеке сайланатын депутаттардың санын арттыруға әкеледі. Лайықты азаматтар Қазақстанда көп.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сауалнама: Астаналықтар су үнемдей ме?
20.05.2026, 13:21
Талас өзенінің жағасын тазалады
20.05.2026, 13:18
Мәдениет мамандары ЖИ білімін жетілдіруде
20.05.2026, 13:15
Қазақстан мен Ресей бірлескен жобаларды арттыруға мүдделі
20.05.2026, 13:12
Бейжіңде Си Цзиньпин мен Владимир Путин саммит өткізді
20.05.2026, 13:09
Қабылданған заңдар – жаңа саяси модельдің негізі
20.05.2026, 13:06
Қос палата 6 заңды мақұлдады
20.05.2026, 13:03
Кения Президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды
20.05.2026, 13:00