Бішкекте VII қазақ-қырғыз форумы өтті
Қырғызстанға ресми сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Сенат делегациясының мүшелері Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Сондай-ақ Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған VII қазақ-қырғыз форумына қатысты. Жиналғандар арасында екі елдің ақын-жазушылары, тарихшылар мен Айтматовтың шығармашылығын зерттеуші ғалымдар бар. Мәулен Әшімбаев өзара қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқан қырғыз зиялыларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс білдірді. Бірқатар қайраткерге еліміздің мемлекеттік наградаларын табыстады. Сенаторлар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, хәкімнің рухына тағзым етті.
Нұрлан Оразалин, жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері:Шыңғыс Айтматовпен тәрбиелендік кішкентай кезімізден. Інісі болып, қасында еріп жүрдік. Сол кісінің болмысы қырғыз халқын, қырғыз халқымен бірге қазақ халқын, жалпы түркі дүниесін тәрбиенің, үлгі-өнегенің жаңа бір биігіне алып шықты.
Баянғали Әлімжанов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:Бұл Шыңғыс Айтматовтың қалдырған мұрасын тағы бір ой-санамыздан өткізу. Қорытындылау, толғау және сонымен бірге біздің халықтардың арасындағы рухани байланысты күшейте түсу. Өйткені, Шыңғыс ағамыз «Манас» деген, Мұхтар Әуезов деген, осылай ардақтап өткен адам. Қазақ-қырғыздың осылай ағамыздың тойын бастауы өте орынды деп білемін.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
The Wall Street Journal : Иран уранды үшінші жаққа жөнелтуге дайын
19.02.2026, 20:57
Шалғайдағы ауылдарға электр энергиясы үздіксіз беріліп тұр
19.02.2026, 20:53
Қазақстан тарихының көптомдығын безендіру дизайнының тұжырымдамасы талқыланды
19.02.2026, 20:52
Жастар қағаз бен матадан жасалған қапшықтарды үлестірді
19.02.2026, 20:51
Бүгін Софья Самоделкина өнер көрсетеді
19.02.2026, 20:49
Референдумға 24 күн қалды
19.02.2026, 20:19
Жаңа Конституция жобасында адам құқығына басымдық берілді
19.02.2026, 20:17
Еуропалық басылым жаңа Конституцияның жобасы жайлы жазды
19.02.2026, 20:14