Ақмола облысында заңсыз берілген 95 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Ақмола облысында заңсыз берілген 95 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл заңбұзушылықты Көкшетау қалалық прокуратурасы құжаттарды тексеру кезінде анықтаған. Жергілікті атқарушы органдар құны 223 миллион теңгеден асатын аумақты ешқандай аукционсыз жеке серіктестіктің пайдалануына берген.
Ал бұған көз жұмған лауазым иесі жұмыстан шығып кетіпті. Жалпы соңғы 3 жылда облыстық прокуратура заңсыз берілген 339 мың гектар жерді мемлекетке қайтартты. Ал «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен былтыр өңірде игерілмеген 300 мыңнан астам гектар алқап мемлекет меншігіне өтті.
Нұржан Сейітқазин, қала прокурорының орынбасары:Көкшетау қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғаларға берілген жер телімінің заңдылығын тексеру барысында шойын жолдарға қызмет көрсетуге арналған жердің заңсыз берілгені анықталды. Осы жер қала прокуратурасының шара қолдануына байланысты мемлекет тарапына қайтарылды. Қазіргі уақытта заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаның жауаптылығы шешілуде.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09