Тайландта құлдықта болған қазақстандықтарға жергілікті тұрғын көмектескен
Дубайға жұмыс істеуге кетіп, Тайландқа құлдыққа жіберілген екі қазақ жігітінің елге қалай оралғаны белгілі болды. Жағдайды Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баяндап берді. Қарағанды облысының 25 жастағы тумасы Исламбек Қазбеков пен тараздық Жарас құлдықтан қашып шыққан. Содан кейін Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне хабарласыпты. Қазақстандықтарға белгілі бір сомаға шекараны кесіп өтуге жергілікті тұрғын көмектескен. Құлдықтан қашқандар дипломаттарға олар болмағанын мәлімдеген.
Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:Хабар алғаннан кейін оқшау, қауіпсіз жерде жасырыну керегін айттық және оларға халықаралық үкіметтік емес ұйымның қызметкерін жібердік. Ол қазақстандықтарды қаладан шығарып, қонақүйде жасырды. Бангкоктағы консул түнде көлікпен шығып, оларға барып, бірден Бангкокқа жеткізді. Олардың визасының уақыты да бітіп кеткен. Бір тәулік ішінде құжаттарды дайындап, билеттер сатып алдық. Отандастарымыз Қатар арқылы Алматыға ұшып келді. Олардың айтуынша, өздері жұмыс істеген компанияда Қазақстанның басқа азаматтары жоқ.
Сонымен қатар, Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігі Италияда қайтыс болған отандасымыз Әсем Жарбосынның мәйітін елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. Құжат мәселесі аптаның соңына дейін шешілуге тиіс.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09