Биыл ветеринария мамандарының жалақысы 35-50 пайызға өсетін болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейтілген алқа отырысында айтылды.
Еске салай кетейік, былтыр ветеринария мамандарының жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50 пайызға өсті.
Осы жылдан бастап заңнама шеңберінде патогендігі I және II топтардағы биологиялық агенттерімен жұмыс істегені үшін 35% және 50% мөлшерінде қосымша төлемдер төленетін болады. Бұл туралы жиында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтті. Сонымен қатар, екі лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төленеді. Басқосуда ветеринария жүйесін цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыс жүріп жатқандығы да айтылды. Бұл ветеринариялық қызметкерлерді қағазбастылықтан босатуға, ақпарат беру процесін автоматтандыруға және жануарларды есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір жаңалық – биыл бірінші жартыжылдықта елде ірі қара мен ұсақ малдардың барлығы 23 ауру түрі бойынша толық вакцинациялаудан өтеді. Бұл елдің ет иморты әлеуетін арттыру үшін қолға алынып отыр.