Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
Бүгін осылай Жамбыл облысының сот төрағалары мен судьялары үкім балғасын үкілі домбыраға айырбастады. Сөйтіп сот саласының мамандары Жамбыл ақынның жырларын жатқа оқып жарысып, ән де шырқады.
Өздері де өлең жаза келіп, өнерден еш кенде емес екенін көрсетті. 17 командаға бөлінген 80 судья алдымен сәлемдесу сайысында сөз маржанын төкті. Артынша мәнерлеп өлең оқып, үшінші кезеңде жыр жампозының шығармаларын қойылым арқылы көрсетуге тырысты. Осылайша Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерей тойын судьялар сахна төрінде атап өтті. Сондай-ақ Әулиеата өңірінің әділет туын көтергендер ұлттық тағамдар дайындап, наурыз мерекесін де назардан тыс қалдырмады.
Досжан Төленбеков, Байзақ аудандық сотының төрағасы:
Жамбылды ұлттан бөліп жаруға болмайды, ұлтты Жамбылдан бөліп жаруға болмайды. Ұлт бар жерде халық бар, халық бар жерде сот жүйесі де бар. Сот жүйесі өз алдына жеке дара мемлекет емес, ол қоғамның белгілі бір бөлшегі. Біздің өміріміз тек қана сот істерін қараумен ғана байланысты емес, ол да қоғамда болып жатқан өзгерістер, қоғамда болып жатқа мәдени іс-шаралар ол біздің соттардың күнделікті өмірінде өз көрінісін тауып жатады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11