«Орталық Азия – 2030: Болашақтың келбеті» атты сарапшылар кездесуі өтті
Мемлекеттер арасындағы саяси байланыс, ауыз су, көлік жолдары мен климаттың өзгеруі. Елордада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан сарапшылары осы мәселелер төңірегінде бас қосып, оларды шешу жолдарына қатысты пікір алмасты. Жиында өңірлік ынтымақтастықты нығайту тетіктері де пысықталды. Оның ішінде, Орталық Азия елдерінің сауда және экономика, көлік және энергетика, адами капиталды дамыту сияқты саладағы кооперацияны арттыру мен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастың болашағы да талқыланды. Іс-шара аясында Қазақстан мен Қырғызстан стратегиялық зерттеулер институттары өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:Бұл кеңестерде нақты экономикалық, саяси, басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралады деп айтуға болады. Ұсынымдарымызды құрастырамыз да, содан кейін оны мемелкеттің басшылығына ұсынатын боламыз.
Усмонзода Хайриддин, Тәжікстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер орталығының директоры:Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени саладағы жеткен жетістіктері Орталық Азия мемлкеттеріне үлгі болуы керек деп ойлаймын. Қазақстанның қарқынды дамуы жалпы өңірдегі тұрақтылықтың кепілі бола алады. Бүгін жүзеге асып жатқан саяси реформалар елдегі жетістіктерді тек еселейді деген сенімдеміз. Біз бауырлас Қазақ елімен саяси-экономикалық байланысымызды өте жоғары бағалаймыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12