Сапалы теңгерімді саяси модель құрылады
Сайлаудағы жаңашылдықтар қазіргі сын-қатерлерге төзімді әрі сапалы теңгерімді саяси модель құруға бағытталған. Сарапшылар пікірі осындай. Бастысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы іс жүзінде жүзеге асады.
Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:Мәжілістің жұмысында белсенділік пайда болады деп есептеймін. Бір мандатты округтер бойынша сайланатын депутаттар арасында бәсеке болатыны сөзсіз. Сондықтан, Мәжілістің жаңа құрамы өзгеше жасақталады. Партияларға да халықтың сенімі артады. Бұл – Президент ұсынған саяси реформалардың бір тармағы. Және ол жүзеге асып, саяси-қоғамдық өмірге оң өзгерістер әкеледі деп ойлаймын.
Қуаныш Сайлау, сарапшы:Мәжілістің жұмысына менің ойымша, бір мандаттық округтан шығатын депутаттардың жұмысы әсер етуі мүмкін. Әркім өз өңірінің проблемасын көтереді. Және ол тек қана сол өңірде қалмай ұлттық деңгейге шығатын болады.
Жомарт Симтиков, саясаттанушы:Бүгінгі таңдағы саяси аренаға көтерілген 7 партия арасында бәсекелестік болады. Енді партияаралық күреспен қатар мажоритарлық жүйе арқылы жеке азаматтар да өздерінің ұсыныстарымен, белсенділігімен саяси аренада көріне алады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12