Ә.Смайылов «Alarko holding» компаниясының президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Смайылов «Alarko holding» компаниясының президентімен кездесті

20.01.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов түріктің Alarko Holding компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездесті.

Кездесуде энергетика, теміржол және автожол құрылысы, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу және тағы басқа салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысып жатқан Alarko Holding-тің жұмысы Қазақстан үшін маңызды екенін атап көрсетті. Қазіргі уақытта Алматы облысында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу жөніндегі жоба сәтті аяқталып келеді.

Премьер-Министр еліміздің өзекті инвестициялық пулында экономиканың түрлі салаларындағы 850-ге жуық перспективті жоба бар екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша келіссөзді жақын арада жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Ерболат Серікбай

Хабарламаларға жазылу