АҚШ экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін
АҚШ-тың қор индекстері бір күнде біраз құнын жоғалтты. 500 алпауыт компания кіретін Эс енд Пи 500, Nasdaq және Dow Jones акциялары күрт арзандады. Өйткені, АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі келер айда несиенің базалық мөлшерлемесін тағы көтеруі мүмкін деген алаңдаушылық нарыққа әсер етті. Еңбек министрлігінің хабарлауынша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініш берушілер саны азайып келеді. Сондықтан бұл ұлттық банкке несие ставкасын тағы да қымбаттатуға мүмкіндік бермек. Федералдық резерв осы арқылы елдегі инфляцияны пандемиядан бұрынғы екі пайыздық деңгейге түсірмек. Алайда, сарапшылар базалық мөлшерлеменің ұдайы көтерілуі ел экономикасын рецессияға ұшыратуы мүмкін дейді.
Кевин Мэн: экономист:
Технология жүйесінде де жаппай жұмыстан шығару жүріп жатқаны мені экономиканы алда қиын күндер күтіп тұр деген пайымға жетелейді. Себебі, мега-технологиялық компаниялардағы қысқартулар елемеусіз қалдыратын дүние емес. Менің ойымша, еңбек нарығы келер айларда біраз қиындыққа тап болады.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09