Елімізде жас шахматшылардың саны артып келеді
Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч Қазақстанда өтеді. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында болатын ойында Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь өзара мықтыны анықтайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан шахмат федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтты.
Ұйымдастырушылар бұған Алматыда блиц-шахмат бойынша жарыстың жоғары деңгейде өткені оң ықпалын тигізгенін айтады. Бұдан бөлек, шахматтан жасөспірімдер арасында да зор нәтижелер жетерлік. 40-тан аса бала әлем және Азия чемпионаттарынан жүлдемен оралды. Бұл Қазақстанда балалар арасында бүкіл әлемдік шахмат олимпиадасының өтуіне де түрткі болмақ.
Гүлмира Дәулетова, «Қазақстан шахмат федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:
Барлық ауылдарда қазіргі таңда осы еліміздің басшысы қолдау көрсетіп жатыр шахматты мектептерге енгізу жөнінде. Бүгінгі таңда 654 мемлекетте шахмат факультатив ретінде өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық қалаларында жеті мыңға жуық спорт секциялары ашылған. Қазақстанда жалпы 300 мыңға жуық адам шахматпен айналысып жүр.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18