Мемлекет басшысы ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар туралы баяндалды. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, 3 террорлық актіге дайындық кезеңінде тосқауыл қойылды. Кезектен тыс Президенттік сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған радикалды топ жойылды. Терроризм мен діни экстремизмге қатысы бар 134 шетел азаматының елге кіру әрекетінің жолы кесілді. Мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталды. Шекара арқылы құны 22 млрд теңгеге жуық валюта, алтын және өзге тауарларды заңсыз өткізуге жол берілмеді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09