Ресейде коронавирустың жаңа штамы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустың жаңа штамы тіркелді

13.01.2023

Ресейде коронавирустың жаңа штамы тіркелді.

«Кракен» деп аталатын омикронның мутацияланған түрі қауіпті», дейді мамандар. Бұл штамм тез таралады. Иммундық жүйені де айналып өте алады. Сондықтан коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар да инфекцияны оңай жұқтырады. Бес жасқа дейінгі балалар, 15 жастан асқан жасөспірімдер мен қарт адамдарда індет ауыр өтеді.

Айта кетейік, Ресейде қазір шошқа тұмауы да өршіп тұр.

Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:

Күннің күрт суытуы да өз әсерін тигізуде. Өйткені тұмау түрлі штамдардың тез таралуына ықпал етеді. Бүгінгі күні H1N1 деп аталатын штамы кең етек жаюда. Жалпы елде 140-қа жуық штамм бар. Вирус күн сайын мутацияға ұшырап жатыр.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу