Шымкентте «Таза бейсенбі» шарасы тағы да ұйымдастырылды
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы тазалық жұмыстары Еңбекші ауданының аумағында өтті. Сенбілікке белсенді жастар, мемлекеттік қызметшілер мен жақын маңдағы тұрғындар атсалысты. 100-ге тарта табиғат жанашырлары өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтан тазартты. Қураған ағаштарды кесіп, аумақты сыпырып ретке келтірді. Жалпы, жыл басынан бері тазалық жұмыстары 15 рет ұйымдастырылып, 13 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Арай Бижанова, қала тұрғыны:
Бүгін Таза Қазақстан акциясына қатысуға өз еркімізбен келіп отырмыз. Тазалықты бірінші өзінен бастайды. Өз үйінен өз ауласынан бастайды. Еліміз, жеріміз таза болғаны өзімізге жақсы, болашағымызға жақсы, өсіп келе жатқан ұрпағымызға жақсы.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09