3 өңірде ағын су тапшы болуы мүмкін
Биыл да елдің кей аймақтарында қуаңшылық болуы мүмкін. Әсересе Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында суару маусымы оңай болмайын деп тұр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі айтты. Болжам бойынша, Сырдария өзеніне келетін су көлемі едәуір азаяды. Оған шекаралас мемлекеттердің қоймаларындағы су қорының қысқаруы себеп. Былтырмен салыстырғанда толымдылығы 1,6 миллиард текше метрге дейін төмендеген. Шу мен Талас өзенінде де осыған ұқсас жағдай. Ал басқа өңірлерде жағдай қалыпты, елдің шығысы мен солтүстігінде тапшылық болмайды. Су көлемі шаруашылыққа жеткілікті деңгейде сақталады, деді ведомство өкілі.
Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
төрағасы:
Қалыптасып отырған гидрологиялық жағдайды және Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының шешімдерін ескере отырып, Қызылорда облысы үшін тұрақты суару бойынша су пайдалану лимиті 3,2 млрд м³, Түркістан облысы үшін – 3,8 млрд м³ көлемінде белгіленді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18