Басты Жаңалықтар Павлодар аймағында өңдеу саласы дамып келеді

Павлодар аймағында өңдеу саласы дамып келеді

Ертіс-Баян өңірінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі мемлекеттік стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру қарқын алды. Қазір аймақта қуаты 1 ГВт болатын энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Бұл баламалы электр қуатын өндіру бойынша Қазақстандағы ең ірі жоба.
Естеріңізге сала кетейік, елімізге қажетті көмірдің 58 пайызы, электр қуатының 42 пайызы Павлодар облысына тиесілі. Алайда өндіріс өркен жайған өңір көмір мен энергетика саласын дамытудан бөлек жаңа формулаға көшті. Яғни, өткен жылы экономиканы әртараптандыру арқылы жоспарланған 737 млрд теңге орнына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Тау-кен саласы қарыштап дамуда. Өңірде екі ферроқорытпа зауыты мен мыс катодын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Өндеуші кәсіпорындар 1,6 трлн.теңгенің өнімін шығарды. Ал биыл өңдеу саласында инвестициялық тартымдылық екі есеге жуық ұлғайды.

Дархан Ермағанбетов, Павлодар облыстық Ииндустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Өткен жылғы көрсеткіш инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгені құрады. Өсім 47 пайызды құрайды. Жалпы, өткен жылы шамамен 30 инвестициялық жобалар іске асырылды. Оның 4-і өнеркәсіп саласында. Жалпы, бүгінгі күні бізде 35 өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар іске асырылуда. Олардың жалпы мөлшері 2,3 трлн теңгені құрайды.


Бөлісу