Жаңатас қаласында спорт кешені ашылды
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында Президенттің бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы бойынша жаңа спорт кешені ашылды. Құрылысына 600 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған нысанда спорт сүйер жастар үшін барлық жағдай жасалған.
200 адамға шақталған кешен
заманауи спорт құралдарымен жабдықталған. Келушілер спорттың 10 түрімен айналыса алады. 1600
шаршы метрден асатын ғимаратта футбол, волейбол, бокс, каратэ, киг-бокс, дзюдо
және қазақ күресіне арналған залдар бар. «Дегерес» елді мекенінің тұрғындары бірегей кешен ел ішінен
чемпиондардың шығуына серпін береді деп
сенеді. Жалпы, Сарысу
ауданы бойынша 3 спорт кешені бар десек, соның екеуі Жаңатас қаласында.
Серік Ниязов, грек-рим күресінен
КСРО спорт шебері:
Қолжетімділікке байланысты спортпен шұғылдануға көп мүмкіндік жасалады. Бұл әрине біздің жастарымыздың, жасөспірімдеріміздің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жасалып отыр. «Спорт – денсаулық кепілі», соған байланысты біздің келешек үлкен жарыстарда, додаларда жетістікке жетеді деген мақсатында көптеген жұмыс жүргізіледі деп есептеймін.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16