Бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалды - Ерұлан Жамаубаев
Экономиканың барлық саласы дамып келеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Вице-премьер әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайызға жетті. Инвестиция 7,8 пайызға артқан. Сыртқы саудадағы өңделген тауардың үлесі 34 пайызға артып, 24 миллиард доллардан асты. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі артығымен орындалды. Қазынаға 309 миллиард теңгеге көп ақша түскен. Президент тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлардан тәркіленген қаражат арнайы қорға жіберіліп жатыр. Шотта жиналған 120 миллиард теңге мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен салықтық және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді
21.05.2026, 17:38
Астана үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындалуда
21.05.2026, 17:37
Өскеменде «Graffity Battle» фестивалі өтті
21.05.2026, 17:35
«EcoQolday» арқасында 13 мың тонна қалдық сұрыпталған
21.05.2026, 17:30
Ақтауда теңіз академиясы ашылды
21.05.2026, 17:27
«Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
21.05.2026, 17:22
Түркі елдері ортақ терминология қалыптастырғысы келеді
21.05.2026, 17:20
Қатерлі ісіктен көз жұму көрсеткіші 20%-ға азайды
21.05.2026, 17:17