Қатерлі ісіктен көз жұму көрсеткіші 20%-ға азайды
Соңғы бес жылда елімізде қатерлі ісіктен көз жұматын адамдар саны 20 пайызға азайды. Өйткені, диагнозды ерте анықтау көрсеткіші 33 проценттен асқан.
Биылдан бастап өкпе обырын ерте анықтау үшін арнайы тексеру бағдарламасы іске
қосылмақ. Онда төмен сәулелі компьютерлік томография аппараты мен жасанды
интеллект технологиясы қолданылады. Алматыда өткен халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияда онколог мамандар осылай деп отыр. Олардың
мәліметінше, қазір 246 мыңнан астам науқас – дәрігердің тұрақты бақылауында.
Мәселен, Алматылық Дина Рүстембаева осыдан үш жыл бұрын жоспарлы скрининг
кезінде сүт безінің обыры диагнозын екінші деңгейінде анықтапты. Үш бірдей
операциядан өтіп, 12 рет химия алған соң обыр ауруын жеңген.
Дина Рүстембаева, Алматы тұрғыны:
Бір жыл бойы активті түрде ем болды, сосын бір жарым жыл таргеттік емделді. Емделген кезде біздің менталдық денсаулығымыз ең басты нәрсе. Сондықтан барлықтарына айтарым онкопсихологтарға баруымыз керек. Қазір біздің барлық өңірде онко орталықтар бар.
Қуантқан Жабағин, ҚР ПІБ МО ауруханасының жоғары санатты онкологы:
ҚР халқы толық 100 пайыздық тегін емделе алады. Сәулелі терапия болсын, операциялық жолдардың түрлі инновациялық болсын, ядролық медицина болсын, барлық жерде бар. Таргеттік ем болсын, горманалды ем болсын, операциялық ем болсын, барлығы өте жақсы деңгейге қойылған. Сүт безі қатерлі ісігін мен созылмалы қатарына жатқызамын. Себебі ол өте жақсы емделеді.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05