Өскеменде «Graffity Battle» фестивалі өтті
Өскеменде «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында республикалық «Graffity Battle» фестивалі өтті. Оған елдің әр өңірінен келген 30 жас суретші мен шығармашылыққа жаны жақын жастар қатысты.
Фестивальге еліміздің 8 өңірінен келген 14 пен 35 жас аралығындағы жас
суретшілер жиналды. Қатысушылар заңдылық, қоғамдық тәртіп, азаматтық
жауапкершілік және белсенді өмірлік ұстаным тақырыптарын арқау еткен авторлық
граффити жұмыстарын ұсынды.
Назым Берінқызы Маңғыстау облысынан келген. Ол өзінің туындысы арқылы жастарға
ой салғысы келеді.
Назым Берінқызы, Республикалық «Graffity Battle» фестиваліне қатысушы
(Маңғыстау облысы):
Менің граффитиімде Есірткіге жол жоқ сөзі жазылып тұр. Бұл жазу бүгінгі тақырыпты өте керемет ашады деп ойлаймын. Жастар осы жазуға қарап, өздерін ойлап, өз болашақтарын ойлайды деп ойлаймын.
Қатысушыларға граффити суретін салу үшін екі сағат уақыт берілді.
Ольга Чавкина, Республикалық «Graffity Battle» фестивалінің қазылар алқасының
мүшесі:
Біз ең алдымен жұмыстың жалпы композициясына, түс үйлесімділігіне және реңдік гармониясына назар аударамыз. Сонымен қатар туындының көркемдік тұрғыдан әсерлі болуы мен көтерген идеясының маңыздылығы да ескеріледі.
Іс-шараның тікелей эфирдегі көрсетілімін әлеуметтік желілер арқылы 100
000-нан астам көрермен тамашалады.
Айдос Әділбеков, ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры:
Бұл жарысқа 30 астам қатысушымыз қатысып жатыр. Олар біздің ШҚО, Абай, Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Астана мен Шымкент қалаларынан қатысушылар. Жарысымыздың басты мақсаты Заң мен тәртіп қағидатын ілгерлендіру. Жастардың шығармашылығын дамыту.
Фестиваль қорытындысында бес аталым бойынша үздік деп танылған жеңімпаздар
марапатталып, олардың шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланды. Жас суретшілер
өз туындылары арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, көрерменге терең ой
салды.
Бекарыс Секен
Бекарыс Секен
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді
21.05.2026, 17:38
Астана үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындалуда
21.05.2026, 17:37
«EcoQolday» арқасында 13 мың тонна қалдық сұрыпталған
21.05.2026, 17:30
Ақтауда теңіз академиясы ашылды
21.05.2026, 17:27
«Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
21.05.2026, 17:22
Түркі елдері ортақ терминология қалыптастырғысы келеді
21.05.2026, 17:20
Қатерлі ісіктен көз жұму көрсеткіші 20%-ға азайды
21.05.2026, 17:17
Иттің еті: Министрлік мәлімдеме жасады
21.05.2026, 17:12