«EcoQolday» арқасында 13 мың тонна қалдық сұрыпталған
Елімізде «EcoQolday» бағдарламасы іске қосылғалы 13 мың тонна қалдық сұрыпталып, қайта өңдеу зауыттарына жіберілген. Қазір жоба шеңберінде 90 компания жұмыс істейді. Олардың қатарында қалдықтарды тасымалдаушы, жинаушы және толық цикл бойынша қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар бар. Жалпы EcoQolday бағдарламасы аясында бүгінге дейін 2,5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларында және 15 облыс орталығындағы мектептерде арнайы эко-бокстар орнатылған. Сол арқылы мектеп оқушылар мен белсенді азаматтар қалдықтарды дұрыс сұрыптап, EcoQolday бағдарламасы арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік алып отыр.
Нұржан Дүйсебайұлы, «Жасыл даму» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің басшысы:
Қалдықтарды дұрыс сұрыптап үйренген кез келген азамат EcoQolday бағдарламасы арқылы кез келген қалдықтарды өткізуге мүмкіндігі бар. Мысал ретінде шыны, картон, пластиктерді күн тәртібінде өзіне қажетті заттар ретінде жинап, қалдықтарды дұрыс сұрыптап, өткізе алады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04