Coursera курстары Қазақстандағы 20 мың студентке қолжетімді болады
Coursera курстары Қазақстандағы 25 өңірлік университеттегі 20 000 студентке қолжетімді болмақ. Бағдарламаның бірінші кезеңі осы айда басталады. Бұл жайлы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Coursera басшысы Джефф Мажионкалдың Калифорнияда өткен кездесуінде айтылды.
Қазіргі таңда жаһандық білім беру платформасының бағдарламалау және цифрландыру, математика, физика, маркетинг секілді салаларды қамтитын 50 курсы қазақ және орыс тілінде қолжетімді. Саясат Нұрбектің айтуынша, алдағы үш жылда 100 000 қазақстандық студент пен өзге де пайдаланушылар Coursera-ға қол жеткізе алады.
2012 жылы құрылған ғаламдық онлайн оқыту платформасында қазірдің өзінде әлем бойынша 77 миллионнан астам студент тіркелген. 200 ден астам жетекші университетпен байланыс орнатқан.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Былтыр Президент Нью-Йоркке сапары кезінде қол жеткізген уағдаластық аясында жүзеге асып отыр. 654 курс қазақ және орыс тілдеріне аударылады. Оның 50-і қазақ тіліне аударылып қойды. Енді курстарды қазақстандық ЖОО, әсіресе өңірлердегі университеттер пайдалануына басымдық беріледі. Демек бірінші кезеңде 25 мыңнан астам студент Coursera-ның ең мықты курстарын таңдауына мүмкіндік алды.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06