Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды

12.01.2023

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті сенатор» мәртебесі жойылды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Енді мұндай атақ ешкімге берілмейді. Құқықтық негіз де жоқ. 2022 жылы өткен референдумда бүкіл халық қолдап, Ата заңнан Тұңғыш Президентке қатысты нормалар алынып тасталды, - деді Жоғарғы палата төрағасы.

Еске сала кетсек, бұрынғы Президент Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі 2019 жылы мамырда берілген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Заңдарда «Құрметті сенатор» деген атақ жоқ. Оны бірден анықтап айтайық. Бұл Сенаттың регламентіне кезінде енгізілген өзгеріс болатын. Біздің регламентке. Ана жолы регламентті қайта қараған кезде, өзгерткен кезде оны алып тастадық. Бұған дейін бір-ақ адамға берілген.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев алдағы сенбі, 14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттарын сайлауға да тоқталды. Айтуынша, саяси науқанға дайындық аймақтарда лайықты деңгейде жүргізілді.

Сонымен қатар сайлау барлық заң талаптарына сәйкес ашық өтетінін жеткізді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу