Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды

11.01.2023

Конституциялық сот Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жойды. Төраға Эльвира Әзімова мен судьялар қатысқан ашық отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады.

Соның нәтижесінде аталған заң мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты бұл заңның күші жойылды деп танылды. Конституцияның 74-бабы 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу