«Amanat» партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы болып Арыстанғали Арын сайланды. Ол бұған дейін филиалдың атқарушы хатшысы қызметін атқарған болатын. Ал Батыс Қазақстандағы филиалды саяси ұйымның атқарушы хатшысы қызметін атқарған Мұрат Мұқаев басқарады. Сондай-ақ, Алматы облысында да партиялық конференция өтті. Облыстық филиалдың төрағасы болып Қуат Байғоджаев сайланды. Ол да бұған дейін филиалдың атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Аймақтарда өткен жиындар барысында өңірлерде атқарылған жұмыстар қорытыланды. Жоспарлар пысықталды. Партия өкілдеріне бірқатар міндеттер жүктелді. «Amanat» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Президенттің реформалар бағытын тиімді іске асыру үшін азаматтарды біріктіру жұмысын жалғастыруы тиіс,-дейді партия өкілдері.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Саяси партиялар құрылысының жаңа дәуірі басталып кетті. Президентіміз айтты ғой, «мен ешқандай партияның мүшесі болмаймын». Енді барлық партия бәсекеге тең болсын деген сөз. Шынын айтқанда оны жақсы бір мүмкіндік деп есептеймін. «AMANAT» деген, ол жеке адамның мүддесі емес. Халықтың, мемлекеттің, мемлкетшіл азаматтардың түсіну керек.
Дарын Сағитов