Маңғыстауда Қаракөл көлінде өлген аққулардан құс тұмауы анықталды
Маңғыстауда Қаракөл көлінде өлген аққулардан құс тұмауы анықталды. Еске салайын, осыдан 3 күн бұрын Ақтаудан 20 шақырым жердегі су қоймасынан 10 аққудың өлексесі табылған болатын. Биологиялық материалдар Астанадағы ұлттық зерттеу орталығына жіберілген еді. Енді өңірде үй құстарын жаппай егу жұмыстары жүргізілмек. Ол үшін 18 мыңнан астам доза вакцина алынды.
Жақанбек Дуанаев, облыстық аумақтық Ветеринарлық инспекциясы басшысының орынбасары:
Орталықтан бізге нәтижесі келді. Құс тұмауы анықталды деп. Бұл енді Аққулар ұшып келіп жатыр ғой, жан-жақтан ұшып келіп жатқан кезең, Маңғыстауда қонады да ары қарай кете береді ғой жылы жаққа. Ол нақты қай жерден шыққанын енді біз айта алмаймыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12