Мұхтар Шаханов. «Наурыз парасаты»
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,
Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.
Сан ғасырлық ата-баба салтына,
Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Таулы, таусыз жерімнің,
Өзен, теңіз көлімнің
Жаса, ұлы Наурызы
Жаңа жылы елімнің.
Қуат жиса пәктігің,
Асқақтайды шоқтығың.
Тамыр алмай тарихтан
Мазмұнданбас шаттығың.
Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу
Әр адамның табиғаттық борышы.
Наурыз парқы – өз санаңды өсіру,
Пенделікті ізгілікке көшіру.
Өткен жылы өкпелесең біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.
Мұхтар ШАХАНОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем сарапшылары қазақы тазыға жоғары баға берді
04.05.2026, 10:32
Жоңғар Алатауының баурайында Сиверс ағашы бүршік жарды
04.05.2026, 10:25
LRT жобасының екінші кезеңі басталды
04.05.2026, 10:24
Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толық ашты
04.05.2026, 10:23
Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша өз ұсыныстарын жіберді
04.05.2026, 10:23
Круиздік лайнерде 3 адам хантавирустан қайтыс болды
04.05.2026, 10:22
ЖИ жобаларын қаржыландыруға $95 млн тартылды
04.05.2026, 10:21
Еліміздің көші-қон саясаты өзгереді
04.05.2026, 10:18