Абай облысынан депутаттыққа 8 адамнан өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысынан депутаттыққа 8 адамнан өтініш түсті

20.12.2022

Абай облысында Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлерді тіркеу жалғасуда. Қазір өңірде саяси науқанға қатысу үшін 8 адамнан өтініш түскен. Олар құжаттарын жинақтап, тиісті рәсімдерден өтіп жатыр. 4 адам үміткер ретінде тіркеуді аяқтады. Олар түгелдей өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттарды анықтау 24 желтоқсанға дейін жалғасады.

Наталия Фесенко, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Сайлауға аудандық, қалалық және облыстық маслихат депуттары қатысып таңдау жасайды. Олардың тізімдері облыс әкімінің сайтында жарияланды. Сондай –ақ Парламент Сенатына депутаттыққа үміткерлерді тіркеу барысы жайлы да ақпараттармен кез-келген адамға танысуына болады.

Ал Қызылорда облысынан 8 кандидат өзін-өзі ұсынған. Жоғары палата депутаттығына аймаққа бір мандат берілген. Сенаторлыққа үмітті 8 кандидаттың біреуі облыс аумағында үш жыл тұрақты тұрмағаны себепті және еңбек қызметін растайтын құжаттарын ұсынбағандықтан өтініші кері қайтарылған.

Бүгінгі күні қалған жеті үміткердің үшеуі облыстық сайлау комиссиясына тіркеліп үлгерген. Жалпы Сенат сайлауында дауыс беру құқығына ие жергілікті маслихаттардан 149 депутат бар.


Хабарламаларға жазылу