Сенат пен Мәжіліс арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжат қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат пен Мәжіліс арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжат қабылданды

19.12.2022

Енді заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. Бүгін елордада қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Жиында Сенат пен Мәжіліс арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжат қабылданды. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланысты. Дарын, регламентті өзгертуге қатысты қандай ақпаратыңыз бар?

Дарын Сағитов, тілші:

Еске сала кетсем биыл елде өткен референдум аясында Конституцияға Парламенттің қос палатасы – Сенат пен Мәжіліс арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар енгізілген болатын. Бұл Парламентте заңдарды қарау үдерісін жылдамдатады. Депутаттар реглементті толықтыру және өзгерту бойынша ұсыныстарын берді. Құжатта Мәжіліс заң жобаларын қалай қарайды, құжаттарды қаруа мерзімі, сондай-ақ оларды бекіту немесе қайтару талаптары ескерілген. Осы тұрғыда қос палатаның өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелер қаралып, регламент қабылданды.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мәжілістің регламентіне 100-ге жық ұсыныстар мен нақты ойлар келіп түсті. Оның барлығы Мәжілістің ашықтығын қамтамасыз ету, ішіндегі бәсекелестікті арттыру, алдағы уақытта жеке мандаттық округтардан келіп түсетін депутаттар мен партиялар арасындғы қарым-қатынастар, әрбір талқы аяқталғаннан кейін оппозияция өкілдеріне дауыс беру алдында сөз сөйлеу уақыты бар осындай көптеген ұсыныстар енгізіліп жатыр.

Құжат аясында барлық ішкі рәсімдер конституциялық реформаға сәйкестендіріледі. Бірақ, Мәжіліс қабылдаған заңды Сенаттың мақұлдамауына немесе нақты нормаларды бекітпеуге мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, төменгі палата қабылдаған кез келген нормаға өз нұсқасын енгізе алады. Бірлескен отырыс туралы толық ақпаратты алдағы шығарылымдардан көре аласыздар.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу