«Таңшолпан» бағдарламасына - 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасына - 30 жыл

14.12.2022

Бүгін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасының алғаш эфирге шыққан күні.

Сонау 1992 жылы Шерхан Мұртаза негізін салған жоба мән-мағынасын жоғалтпай, бүгінге жетті. Бағдарлама қоғамда қызу талқыға ілінген мәселелерді үнемі назарда ұстайды, түрлі әлеуметтік ортаның талаптары мен талғамдарына сай ақпарат ұсынады. Таңғы хабар барысында жаңа әндердің тұсауы кесіліп, ел аузында жүрген белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерімен талай тұшымды сұхбат өтті.

Аптаның 5 күнінде 3 сағат бойы эфирге шығатын хабарда халыққа сапалы дүние ұсыну үшін 60-қа жуық маман таң сәріден қызметіне кіріседі. Осы тұста жобаның Алматыдағы ұжымын ерекше атап өткен жөн. Өйткені бағдарламаның шымылдығы алғаш рет осы шаһарда ашылды. Мерейлі датаға орай «Таңшолпанды» алғаш тізгіндеген жүргізушілер, оның қалыптасуына елеулі үлес қосқан мамандар мерекелік эфирдің қонағы болды.

Толқын Сайдуова , «Таңшолпан» бағдарламасының алғашқы жүргізушісі:

Отыз жыл бойы халықтың досына, туысына, жанашырына айналып келе жатыр. Солай бола бергей. 18 мың ғаламда 19 млн халықтың досына айналған «Таңшолпанның» ғұмыры ұзақ болғай.


Хабарламаларға жазылу