Қарағанды қаласында қосымша жылу магистарлі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласында қосымша жылу магистарлі іске қосылды

12.12.2022

Қарағанды қаласындағы кейбір ауданды жылумен толыққанды қамту үшін қосымша жылу магистарлі іске қосылды. Ал негізгі жылу құбырында резеңке тығыздағышты ауыстыру қажет.

Ақау туралы аязды күндері белгілі болғанымен, жылуға жауапты мекеме жөндеу жұмыстарына асықпаған. Ал бүгін күн жылынған соң, үйлердегі жылуды ұстап тұру үшін қосымша магистральді қосып, ақау шыққан құбырды жөндеуге кірісті.

Андрей Ляпунов, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры:

Мамандармен зерттей келе бүгін ақау шыққан құбырды жөндеуге қолайлы деп шештік. Иә, таңертең кей үйлерде қысым болмады, енді бірінде жылу температурасы төмендеді. Себебі біз магистральды ағытып, қосымша құбырлар арқылы қайта қостық. Ал негізгі ескірген резеңке тығынын ауыстырған соң қосамыз. Жақын уақытта жылу қалпына келеді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу