Риддерде қосымша қазандық іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде қосымша қазандық іске қосылды

06.02.2023

Риддер жылту электр орталығының қазандыққа көмір беретін бөлімінде істен шыққан қозғалтқыш жедел жөнделді. Бұл туралы қала әкімі Дмитрий Горьковой хабарлады. Қазір бункерлерге көмір конвейер арқылы толып жатыр. Ал орталық құбырдағы температураны қайтадан қажетті мөлшерге көтеру үшін, қосымша бір қазандық іске қосылды. Таяуда жылыту орталығында болған өрттен соң конвейер толық жаңартылған. Бұл жолғы ақау сол су жаңа құрылғыдан шықты. Жалпы биыл қыс түскелі «Риддер жылу электр орталығы» апаттан көз ашпай келеді. Шаһарда былтыр қараша айында техногендік сипатта жарияланған төтенше жағдай режимі әлі алынған жоқ.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу