Степногорсктегі жылу электр орталығына кезектен тыс тексеріс жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Степногорсктегі жылу электр орталығына кезектен тыс тексеріс жүргізіледі

31.03.2022

Мұны Ақмола облысы бойынша энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменті хабарлады.

Еске салайық, орталықта өткен аптада екі бірдей қазандықта ақау шыққан еді. Осыған байланысты тиісті шешім қабылданды. Тексеріс қорытындысы кейін жарияланбақ. Степногорск жылу электр орталығында 25-26 наурыз күндері жылу агрегатынан ақау шығып, екі қазандық тоқтатылған. Қосымша қазандықтар іске қосылды. Қазір қаладағы температура қалыпты.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу