Теміртаудағы №2 жылу энергия орталығында 4-5 күннің ішінде үш мәрте ақау шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы №2 жылу энергия орталығында 4-5 күннің ішінде үш мәрте ақау шықты

17.01.2017
Осылайша, демалыс күндері тұрғын үйлерге жылу тиісті деңгейде берілмеді. Жылу орталығындағы 1-ші және 3-ші қазандықтарға шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта іске қосылды.

Ал екінші, төртінші және алтыншы қазандықтардың жұмысы қалыпты. Тек қосымша саналатын 5-ші қазандықтағы жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бүгінде қала бойынша жағдай тұрақты.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу