Қарағанды мен Теміртауда бірнеше аудан сусыз қалды
Бүгін таңертең Қарағанды мен Теміртау қалаларының және Ақтас кентінің бірқатар аудандары ауыз сусыз қалды. Күшті жел салдарынан су сорғы станциясында электр желілері үзілген. Таңғы сағат 4.30-дан бастап мамандар ақау шыққан аумақта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Қазір №3 жылу энергия орталығы мен Қарағанды қаласына су жіберу тораптарының электр жүйесі қайта іске қосылды. Ал Сұрыптау станциясы, Пришахтинск және Теміртаудағы үйлерге бірнеше сағаттан соң су беріледі.
Кенжан Дауылбаев, «Қарағанды су» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
Бүгін таңертең Әлиханов көшесінде құбырдан ақау шығып, оны қалыпқа келтіру үшін суды тоқтатуға тура келді. Барлық ақаулар бүгін толығымен жөнделеді. Бұл қала мен Ақтас кентіне су жіберетін негізгі торап. Ал насосты станция мен су тарату агрегаттарындағы электр желілері қайта іске қосылды. Онда біздің бригадалар әлі де жұмыс істеуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің І туры аяқталды
18.06.2026, 13:27
ӘЧ: Гана құрамасы Панаманы жеңді
18.06.2026, 13:24
Жетісу облысында парапланнан әлем чемпионаты өтіп жатыр
18.06.2026, 13:21
Түркістанда медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті
18.06.2026, 13:18
Жайықта елудей кеме шерулетті
18.06.2026, 13:15
Республикалық IT Quest іске қосылады
18.06.2026, 13:12
Алматыда отбасы құндылығына арналған форум өтті
18.06.2026, 13:09
Аптап ыстық келе жатыр
18.06.2026, 13:06