Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның алғашқы отырысы өтті
Билік пен қоғам арасында қарым-қатынастың жаңа саяси мәдениеті қалыптасып келеді. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның алғашқы отырысында Ерлан Қошанов осылай деді. Бұл бастамалар ашықтық пен өзара сенімге негізделген.
Мәжіліс Төрағасы Қоғамдық палатаның жұртшылықпен тікелей диалог құруына, ең көп талқыланып жатқан мәселелер бойынша депутаттардың халықпен кері байланыс орнатуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Қоғамдық палатаның құрамында 37 мүше бар.
Олар Мәжіліс депутаттары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері. Палатаның құрамы 6 айда бір рет ротациялау арқылы жаңартылып отырады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық пікірталас әлеуметтік желілерде, көшелерде, алаңдарда емес, палата қабырғасында болу керек екенін айтқан болатын. Сондықтан біз Қоғамдық палата құру тарлы осындай шешім қабылдадық. Қоғамдық палата негізгі заңнамалық бастамаларды тәуелсіз кәсіби тұрғыдан сараптама жасайтын іргелі орталыққа айналуы тиіс.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тараз қасындағы Қарахан кесенесінің аумағын тазалады
14.09.2026, 13:27
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды
14.09.2026, 13:24
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09
СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
14.09.2026, 13:06