Шымкент қаласының бас жоспары нақтыланып, мәслихат пен Үкімет қарауына жолданды. Шаһардың 2035 жылға дейінгі даму келешегі айқындалған құжат жарты жыл қоғам талқылауында болды. Осы уақытта тұрғындар тарапынан 200-ге жуық ұсыныс түскен. Олардың дені инфрақұрылымды жақсарту, шаһарды абаттандыру мен жол, саябақтар салуға қатысты.
Мамандар шаһардың 117 мың гектар аумағына топографиялық түсірілім жасады. Бас жоспарды әзірлеу барысында Шымкентке Киев, Минск, Санкт-Петербург қалаларынан білікті архитекторлар шақыртылды. Енді бас жоспарға сәйкес айналма жолдарға өзгеріс енгізіліп, қоғамдық көліктер үшін жағдай жасалады. Тозығы жеткен үйлер сүріліп орнына жаңа үлгідегі көп қабатты үйлер салу да көзделген.
Ержан Нұразханов, Шымкент қаласының бас сәулетшісі:
Қаланың транспорт мәселесінде үлкен магистральға тиіспей соған паралельно кіші жолдарды қолдана отырып, ЛРТ трассалары көрсетілген. Бұл өте тиімді. Бізге жер сатып алып, оны бұзып, қала бюджетіне ауыртпалық түсірмейтін жағдайды шешіп берді.